"Қазгидромет" синоптиктері бүгін Қазақстанның 3 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 13 маусымда Өскемен, түнде Астана, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.