Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында үшінші ойынын өткізіп, өз алаңында Солтүстік Македония құрамасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды, BAQ.KZ.
Ойын тағдырын 33-минутта Солтүстік Македония ойыншысы Александр Трайковский соққан жалғыз гол шешті.
Үш турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде үш ұпай ғана бар. Бұған дейін Уэльс құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп, Лихтенштейнді 2:0 есебімен ұтқан болатын. Қазіргі таңда команда J тобында үшінші орында тұр.
Ал Солтүстік Македония сегіз ұпай жинап, топ көшбасшысы атанды.