ХҚКО қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсететін болады

4 Наурыз 2024, 19:18
607
Бөлісу:
ХҚКО қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсететін болады
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Қазақстанның 20 облысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын 29 connection point ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының мәлімдеуінше, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары сауда орталықтары, базарлар, автовокзалдар және банктер сияқты қоғамдық орындарда орналасқан.

Айта кетер болсақ, connection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу және т.б. сияқты танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.

Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын. Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Біз сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол жақтарда адам легі көп және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін біздің қызметкерлерге жүгіну ыңғайлы болады, - деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кету керек, бүгінге дейін сауда орталықтары мен базарлардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 2 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін сауда орталықтары мен базарлардың мекенжайларының тізбесі:

Қала

Атауы

Мекенжайы

Астана«Әлем» СОБөгенбай батыр даңғ., 62
Астана«Central Market» СОАлаш тасжолы, 15
АлматыHome Credit BankТөле би көш., 181
Алматы«Asia Park» ССОРайымбек даңғ., 514А
Шымкент«Tolebi» СОАсар 2 ы/а, 12Б
Шымкент«Бекжан-комфорт» ССКЖиделібайсын көш., 92
Ақтау«Мағаш» СҮ31 ш/а, 1
ӨскеменАДК СОҚазақстан көш, 62
Семей«Апрель» СОҚабылбаев көш., 3
Қонаев«Qonaev city» СОАлматинская көш., 64/1
Ақтөбе«Nurdaulet» CОӘбілқайыр хан даңғ., 46
Ақтөбе«Атамекен» кәсіпкерлер палатасыСәңкібай батыр даңғ., 22К
Орал«Dom Byta» ССОҚұрманғазы көш., 173/1
Орал«Московский» СҮИсаев көш., 2/9
Қызылорда«Aray city mall» ССОНазарбаев даңғ., 13А
Атырау«Baizaar» ССОҚұлманов көш., 111А
Атырау«Дина» СОСұлтан Бейбарыс даңғ., 45
Тараз"MART" ССОТөле би даңғ., 27
Тараз«Ауыл береке» базарыМәмбет батыр көш., 2/17Б
Тараз«GRAND BAZAR» СОСыпатай батыр көш., 2
Жезқазған«Samadi» супермаркетіАбай көш., 93
Сәтпаев«Акцент» супермаркетіСәтпаев даңғ., 108А
ТүркістанАвтобекетСауран ауданы, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, Қазыбек би көш., 9/9
Көкшетау"РИО" ССООсипенко көш., 1
Павлодар«Batyr mall» ССОҚамзина көш., 67/1
Қарағанды«Алтын Арба» ССОЗатаевич көш., 10
Талдықорған«City Plus» ССОҚаратал ы/а, 20Б
Петропавловск«City Mall» ССОШ.Уәлиханов көш., 56
Қостанай«Саяхат» СОҚарбышев көш., 131
Өзгелердің жаңалығы