Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Илон Масктың компаниясы ғарышқа ұшуға дайындықты бастады

31 Наурыз 2025, 23:26
785
Бөлісу:
 SpaceX
Фото: SpaceX

Илон Масктың SpaceX компаниясы Жердің полярлық аймағының үстінен ұшып өтетін алғашқы басқарылатын ғарыштық миссиясын іске асыруға дайындықты бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Bloomberg таратқан мәліметке сәйкес, ұшу сапарын криптовалюталық инвестор Чун Ван қаржыландырып, басқарады.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында экспедицияны апарған норвегиялық полярлық кеменің құрметіне Fram2 деген атау берілген миссия дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:46-да Флоридадағы әуе ғарыш айлағынан ұшады. Бортта төрт жеке астронавтардан тұратын экипаж болады.

Төрт-бес күн бойы олар Жердің Солтүстік және Оңтүстік полюстерінің үстінен ұшып, ғарыштық ұшудың адам денсаулығына әсеріне зерттеу жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы