Израиль Иранға қарсы әуе шабуылдарын бастады

13 Маусым 2025, 08:49
667
Бөлісу:
 IRNA
Фото: IRNA

13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы кең ауқымды әуе операциясының басталғанын хабарлады. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштері (IDF) хабарлады. Әскерилердің айтуынша, соққылар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты сайттарға жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Израиль қорғаныс министрі Израиль Катц төтенше жағдай жариялап, Тегеран жақын арада жауап соққы беруі мүмкін екенін ескертті. Премьер-министр Беньямин Нетаньяху шұғыл түрде қауіпсіздік кабинетінің отырысын шақырды.

Израиль әскерінің мәлімдемесіне сәйкес, Иранда ең қысқа мерзімде 15 ядролық оқтұмсық шығаруға жеткілікті байытылған уран бар. Тель-Авив мұны ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер деп санады. Израиль әуе кеңістігін уақытша жауып тастады.

АҚШ Израильдің Иранға шабуылы туралы ескертілгенін, бірақ оған қатыспағанын айтты. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Теһранды АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери нысандарына шабуыл жасаудан сақтандырды.

Өзгелердің жаңалығы