Украинаның жоғарғы рададағы "Слуга народа" фракциясының басшысы Давид Арахамия ел президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесінде сайлауға дайындық туралы жиналыс өткендігіне қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Суспiльне" басылымы таратқан ақпарат бойынша, ол БАҚ-та жарияланған материалдарға қатысты мәлімдеме жасаған.
Арахамия ол сайлауға қатысты ешқандай іс-шара болмағанын және "кездесудің де өтпегенін" айтты.
Ешқандай сайлауға дайындалып жатқан жоқ, ешқандай дайындық та басталмады. Барлық парламенттік партиялар мен топтар сайлау әскери жағдайды алып тастағаннан кейін 6 ай өткенде өткізілуі қажет деп санайды. Бұл ұстаным өзгерген жоқ, - деді ол.