Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Конгрессмендер Трампқа импичмент жарияламақ

6 Сәуір 2025, 19:16
1104
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

АҚШ Конгресінің мүшесі, Демократиялық партия өкілі Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау процесін бастамақ ниеті барын айтты. Бұл туралы BAQ.KZ The Hill басылымына сілтеме жасап хабарлады.

5 сәуір 2025 жылы өткен “Қолыңды тарт!” атты наразылық митингі барысында сөйлеген Грин:

Алдағы 30 күн ішінде АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент процесін бастаймын, – деп мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ-та Дональд Трамптың саясатына және енгізген импорттық баж салығына қарсы жаппай наразылықтар басталған еді.

Өз кезегінде Дональд Трамп америкалықтарды баж салығына байланысты қиын кезеңдер күтіп тұрғанын ескерткен, бірақ соңында бұл қадамның “тарихи нәтиже беретінін” уәде еткен.

Өзгелердің жаңалығы