Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында мейіргер боп жұмыс істейтін Өзбекстан азаматы жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Baza Telegram-арнасының мәліметінше, Мәскеудің жекеменшік емханасында 20 жастағы мейіргер 16 жастағы жасөспірімге қатысты зорлық әрекеттері үшін қамауға алынды.
Жасөспірім жұмысқа орналасуға қажетті ЭКГ тексеруіне келген. Тергеу мәліметіне сай, мейіргер оны кеңсеге шақырып, футболкасы мен шалбарын шешуді талап еткен соң, жыныстық сипаттағы зорлық әрекет жасаған, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жасөспірімді күтіп тұрған туыстары мен емхана қызметкерлері кіріп келген соң дереу полиция шақырылған. Қазір күдікті қамауда, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.