Палестинаны қолдауға бара жатқан Грета Тунберг еліне депортацияланды

10 Маусым 2025, 18:34
368
Бөлісу:
 Fabrizio Villa/Getty Images
Фото: Fabrizio Villa/Getty Images

Палестина тәуелсіздігін жақтаушысы ретінде танылған экоактивист Грета Тунберг Израильде ұсталып, Франция арқылы Швецияға бет алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Израильдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Грета Тунберг дәл қазір Израильден Швецияға (Франция арқылы) ұшып шықты, – делінген министрліктің Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

Еске салсақ, Тунберг маусым айының басында Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізбек болған белсенділер тобының құрамында болған. Алайда Израиль тарапы олардың әрекетіне жол бермеді.

Дүйсенбі күні Тунберг отырған «Мадлен» кемесіне Израильдің теңіз арнайы жасағы көтеріліп, кемені Ашдод портынан жеткізді. Гуманитарлық көмек жеткізуді мақсат еткен белсенділердің өздері де ұсталды. Тунберг Израиль билігін өзін ұрлады деп айыптады.

Сейсенбі күні Израильдің Сыртқы істер министрлігі Тунбергпен бірге «Мадлен» кемесінде ұсталған барлық белсенділер Бен-Гурион әуежайына жеткізіліп, одан әрі депортацияланатынын хабарлаған.

Өзгелердің жаңалығы