Павлодар облысындағы тасжолда жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Павлодар облыстық ПД мәліметінше, «Қызылорда-Павлодар» жолының 1153-шақырымында келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жылдамдықпен арыққа ұшып кетіп, аударылып қалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
«Жол апаты салдарынан бір адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Түрлі дене жарақаттарымен тағы төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», - делінген ПД хабарламасында.
Полиция адам өліміне себеп болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.