Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пхукетте қазақстандық азамат қаза тапты

2 Сәуір 2025, 11:24
889
Бөлісу:
 Kusoldharm Foundation, Eakkapop Thongtub
Фото: Kusoldharm Foundation, Eakkapop Thongtub

1 сәуір күні Таиландтың Пхукет қаласында болған жантүршігерлік жол апатында Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы аталған елдің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

"Пхукет жаңалықтары" деп аталатын Telegram арнасының мәліметінше, 1 сәуір күні түнгі сағат 00:45 шамасында ер адам Bypass Rd тас жолында мотоциклмен жоғары жылдамдықта қозғалған. Басқаруға ие бола алмай, бағанаға соғылып, өміріне қауіпті жарақаттар алған.

Пхукетте қазақстандық азамат қаза тапты
Фото: Kusoldharm Foundation, Eakkapop Thongtub

Алғашында Таиланд билігі қаза тапқан адамның жеке басын анықтауға тырысып, оның ұялы телефонының экранындағы орысша жазуларға сүйене отырып, оны "Ресейлік турист" деп таныған.

Алайда кейінірек марқұмның Қазақстан азаматы екені және оның Таиландта тұрып, жұмыс істегені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы