Польша 4 күндік жұмыс аптасына көшпек

25 Маусым 2025, 08:15
301
Бөлісу:
 unsplash.com
Фото: unsplash.com

Польша жалақы сол күйі сақталатын 4 күндік жұмыс аптасына көшпек, дегенмен, қызметкерлерге бірнеше таңдау ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZdevby.io-ға сілтеме жасап.

Польшада 2024 жылғы 30 маусымнан бастап 4 күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізу жобасы басталады. Жобаға жеке компаниялар мен мемлекеттік мекемелер қатысады. Қызметкерлер үшін бірнеше нұсқа қарастырылған:
– күн сайын 6 сағаттан жұмыс істеу,
– аптасына 3 күн демалу,
– немесе қосымша демалыс күндерін жинау.

Экспериментке қатысушыларға жұмыс кестесін қайта құру үшін 1 миллион злотыйға дейін қаржылай қолдау көрсетіледі.

Ел билігі бұл бастаманы 2027 жылғы қарашаға дейін міндетті түрде енгізуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы