Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
«Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті», - делінген хабарламада.
Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.