Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нора Джеруто екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
31 мамырда спортшы 5000 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыста жеңіске жетті.
Джеруто 4:58.71 нәтижесімен мәре сызығын кесті.
Үндістандық Парул Чаудхари екінші орынды иеленді (15:15.33), ал жапониялық Юма Ямамото үшінші орынға табан тіреді (15:16.86).
Қазақстан құрамасының еншісінде қазір алты жүлде бар.