Қошанов жасанды интеллектіге қатысты ұсыныс жасады

25 Маусым 2025, 13:44
3148
Бөлісу:
 жасанды интеллект
Фото: жасанды интеллект

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов күзде жасанды интеллектке қатысты парламенттік тыңдау өткізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол Мәжіліс отырысында мәлімдеді.

Ұсыныс депутат Екатерина Смышляеваның Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалынан кейін айтылды. Қошанов бұл мәселенің өзектілігін атап өтіп, заң жобасын енгізу ғана емес, оны тиімді іске асыру жолдарын талқылау қажет екенін жеткізді.

Жасанды интеллект туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдадық. Енді қыркүйекте сарапшылардың қатысуымен тыңдау өткізу керек, – деді Мәжіліс төрағасы.

Оның айтуынша, тыңдауға отандық және шетелдік сарапшылар шақырылады. Мәжілістің салалық комитеті дайындық жұмыстарын бастайды.

Өзгелердің жаңалығы