Сатушы жеміс-жидек сақталған бөлмеге дихлофос шашып, жәндіктерді улаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Желіде ер адамның жеміс-жидек сақталған бөлмеге дихлофос шашып, жәндіктерді улаған сәті түсірілген видео тарады.
Кадрлардан химиялық заттың жаңа піскен жидектер сақталған жабық бөлмеде қолданылғаны анық байқалады.
Тұтынушылар мұндай әрекетті қатаң сынға алуда. Видео 350 мыңнан астам қаралым жинағаннан кейін авторы оны жедел түрде өшіріп тастаған.
Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бұл көрініске бей-жай қарамай, видеоны жаппай бөлісіп, бейнежазбадағы ер адамды тауып, жауапқа тартуды талап етуде.
Желі қолданушылары желіде түрлі пікірлерін жазуда.
Бұл адамды табу керек! Бұл адам өміріне қастандық!
Кеше күйеуіммен бірге құлпынай жедік, екі күннен бері құсып жатырмыз. Қайта балалар жемегені жақсы болды!
Жидекке бұлай шашуға болмайды. Бұл жуылмайды, адам уланады. Бұл әдейі, жасырын түрде адам денсаулығына зиян келтіру!
Халық денсаулығына зиян келтіргені үшін 5 жылға қамау керек!
Кейбір қолданушылар бұл видеоны базардан алынған құлпынайдан кейінгі улану жағдайларымен байланыстырып, сауда орындарын жаппай тексеруді сұрауда.
Айта кету керек, тағам өнімдерін өңдеуге арналмаған кез келген химиялық заттар, әсіресе олар тағаммен бірге ағзаға түскен жағдайда, денсаулыққа және өмірге үлкен қауіп төндіруі мүмкін.