Сербияда билікті құлатуға дайындалған алты адам қамауға алынды

30 Маусым 2025, 05:33
390
Бөлісу:
 Gettyimages.ru
Фото: Gettyimages.ru

Сербияда алты адам елдің конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттері үшін ұсталды. Бұл туралы Белград прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Blic басылымына сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, күдіктілер Белград университетінің Құрылыс факультеті ғимаратында өткен жиында сайлау өткізу туралы талапты тек зорлық-зомбылық әрекеттеріне сылтау ретінде пайдалану жөнінде талқылаған.

Олар тамызда сайлау өткізу туралы өтініш дереу қабылданған күннің өзінде де, жеңіске жету мүмкін еместігін білген. Сондықтан күш қолдануды көздеген, – делінген ресми хабарламада.

Тергеу деректеріне сәйкес, ұсталғандар мемлекеттік органдарға қарсы шабуылдар жоспарлаған. Барлық алты адам 48 сағатқа қамауға алынып, осы уақыт ішінде жауап алынбақ. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Бұған дейін, 25 маусымда Сербия Ішкі істер министрлігі басқа күштік құрылымдармен бірлесіп, конституциялық құрылымды құлатуға дайындық жүргізіп жатқан күдіктілерді ұстағанын мәлімдеген болатын. Олардың бірі 21 маусымда Кралево қаласындағы қонақүйде елдегі билікті күшпен өзгерту жоспарын талқылаған.

Өзгелердің жаңалығы