Оқиға бүгін таңертең Тайландтың оңтүстігіндегі Пхангнга провинциясында болған. Кеме теңізге шығып, кенеттен кемеде өрт шыққанда жағадан 25 шақырым алыстап үлгерген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 12 сәуір, сенбі күні таңертең корольдіктің оңтүстігіндегі Пхангнга провинциясында болды. Ашық теңізге сүңгуге кеткен кеменің бортында 10 экипаж мүшесі мен 16 турист болған, – деп хабарлайды The National басылымы.

Төменгі және ортаңғы палубаларды шарпыған өрт шыққаннан кейін 26 адам құтқару қайықтарымен түсіп, жанып жатқан кемеден жүзіп кетті. Кейін оларды сол жерден өтіп бара жатқан осындай кеме бортқа алып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.