АҚШ президенті Дональд Трамп Евроодаққа 350 миллиард долларлық америкалық энергетикалық ресурстарды сатып алу арқылы сауда теңгерімін азайту және кедендік алымдарды жеңілдету шартын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Politico-ға сілтеме жасап.
Трамптың бұл мәлімдемесі Брюссельдегі Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің АҚШ-қа автомобильдер мен өнеркәсіптік тауарларға салынған кедендік алымдарды өзара жою туралы ұсынысына жауап ретінде айтылды.
Трамп Брюссельдің ұсынысын қабылдамады.
Біздің Евроодақпен саудадағы тапшылығымыз 350 миллиард долларды құрайды. Бұл тапшылықты тез жоюдың бір жолы – оларды бізден энергия сатып алуға мәжбүрлеу. Олар энергияны сатып алса біз тек бір аптада осы 350 миллиард долларлық тапшылықты азайта аламыз, – деді Трамп.