Ұлыбритания еуропалықтарға электронды кіру рұқсатын енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құжат Ұлыбританияға екі жыл ішінде жалпы 6 айға дейін бірнеше рет баруға мүмкіндік береді. Рұқсаттың бағасы 19 еуро, бұл 10 мың теңгеден сәл жоғары.
Бұл шара Ирландияны, Британияның теңіз жағалауындағы аумақтарын және тұрақты тұратын жерлерін қоспағанда, ЕО елдерінің барлық азаматына қатысты. Жүйе елдің шекара қауіпсіздігін нығайтуға арналған.
Айта кетейік Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан 2017 жылдың наурыз айында шыққа. Дегенмен Ұлыбритания мен Еуроодақ елдері арасында әлі де визасыз режим бар, бірақ енді кіру үшін электронды рұқсат қажет.