Жасанды интеллектті енгізудің экономикалық әсері қандай

12 Маусым 2025, 15:20
1492
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Алматыда өтіп жатқан CIO Summit 2025 конференциясында әлемге жасанды интеллекттің пайдасы туралы айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

IDC компаниясының ТМД өңіріндегі вице-президенті Андрей Беклемишевтың айтуынша, жасанды интеллект енді тек шешім қабылдауға көмек беретін құрал емес, автономды әрекет ететін кезеңге өтті.

IDC мәліметтері бойынша, Еуропадағы компаниялар мен мемлекеттік құрылымдардың 94%-ы агенттік жасанды интеллектке инвестиция салуды жоспарлап отыр, – деді ол.

Беклемишевтің айтуынша, негізгі сын-тегеуріндер қатарына жауапкершіліктің артуы, бейтараптық қаупі және этикалық бақылаудың қажеттілігі жатады. Сондай-ақ ол 2030 жылға қарай EMEA өңірінде жасанды интеллектті енгізудің экономикалық әсері 5 триллион долларға жетуі мүмкін екенін айтты.

Еуропалық ұйымдардың 78%-ы генеративті жасанды интеллекттің алдағы 18 айда елеулі әсері болады деп санайды. Ал CIO-лар бүгінде тек технологиялар үшін емес, сонымен қатар сенім қалыптастыру, қызметкерлерді оқыту және ІТ-экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін де жауапты болып отыр, – деді Андрей Беклемишев.

Спикер сөзінше, компаниялар жасанды интеллекттің пайдасын дәлелдеуді жиі талап етуде. Осы тұрғыда ерекше үміт – агенттік ЖИ-дің жаңа буынына артылуда.

Жасанды интеллектің жаңа буыны Agentic Al. Бұл ЖИ-жың өзгелерден айырмашылығы – оның жұмысында адамның қадағалап отыру міндеттілігі қажет емес. Ол арнайы жадына сүйене отырып, өзі шешім қабылдап, күрделі процесстер жүргізе алады. Бұл робот қазіргі уақытта көбіне қоймадағы жұмыста қолданып жатыр. Мәселен, Devin атты жасанды интеллект әлемдегі алғашқы толық автономды ЖИ-бағдарламашы. Ол әдетте тұтас әзірлеушілер тобын қажет ететін тапсырмаларды өз бетінше орындай алады: қосымшаларды нөлден бастап жасап, оларды продакшнға дейін іске қосады, – деді спикер.

Сондай-ақ ол жасанды интеллект тек мәтін мен бейне саласында ғана емес, енді ол физикалық күйде де әлемге әсерін тигізе бастағанын айтып, алдағы уақытта ЖИ қарапайым өмірде кеңінен қолданылатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы