Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісуда «E-Otinish» жүйесіне 12 373 өтініш түскен

6 Сәуір 2025, 22:51
419
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Облыс орталығында «E-Otinish» ақпараттық жүйесін тиімді қолдану туралы оқулар өтуде. Былтыр Талдықорған қаласының әкімдігіне халықтан 12 мыңнан астам өтініш келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

​Халықтың арыз-тілегі әкімдікке жетуі үшін«E-Otinish» ақпараттық жүйесінің маңызы зор. Қазір мұны тиімді қолдануға арналған оқу-семинар ұйымдастырылады.Оған басты себеп бұқара мен билік арақатынасын нығайту, елдің тілегін қалыс қалдырмау, дер кезінде әрекет ету. Жетісу облысы әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімінің бас маманы Әлішер Жексембаев айтуынша, жүйенің ұлт үшін тиімділігі мол.

Қазір цифрлы технологияның дамыған уақыты. Сондықтан халық та оның тиідлігін көруі қажет. Мамандар соған сай қызметкөрсетуі маңызды. Бұл өтініш берушімен кері байланыс орнатуға және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік беретін бірден бір жүйе. Оларға істің қаншалықты маңыздылығын түсінуге де жол ашады. Біз семинар барысында қатысушыларға жолданымдарды қарау үдерісіндегі негізгі заңнамалық талаптар баяндалып, «E-Otinish» жүйесі арқылы жұмыс жүргізу кезінде проактивті форматта қолданылатын 15 индикатор бойынша нақты түсіндірмелер бердік, дейді Ә.Жексембаев.

​Бүгінде мамандар қала әкімдігіне қарасты бөлімдердің мамандарына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «E-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау тәртібі түсіндіріп жүр. Биылғы жылдың І тоқсанының өзінде 2 969 өтініш тіркелген.

Өтініш жолданған соң, ол қараусыз қалмайды. Мұның маңыздылы осында болып отыр. Қанашма адамның мәселесі сол арқылы шешілді, - дейді қала тұрғыны Әсел Матайқызы.

 

Өзгелердің жаңалығы