Новости

АӨК қызметкерлерінің саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр

Извините, этот текст доступен только на “Қазақ тілі”.

2023 жылдың бірінші тоқсанында ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында миллионнан астам жұмысшы жұмыс істеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,4% — ға аз, деп хабарлайды basagro.kz тілшісі Санат Жанат, Finprom.kz деректеріне сілтеме жасай отырып.

Егер өңірлер бөлінісіндегі жағдайды қарастыратын болсақ, онда ауыл шаруашылығымен айналысатындардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген: 192,9 мың адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,1% — ға артық.

Екінші және үшінші орындарда тиісінше Жамбыл (133,3 мың адам, 5,4% — ға азайды) және Алматы (122,7 мың адам, 11,2% — ға азайды) облыстары бар.

Басқа өңірлермен салыстырғанда, Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің ең аз саны тіркелді: барлығы 2,3 мың адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,3% — ға аз.

Жас санаттары бойынша бөлімде ауыл шаруашылығы саласындағы жастар аз мөлшерде ұсынылған. Қызметкерлердің ең көп саны (235,4 мың адам) 35-44 жас санатына жатады. Олардың артынан 45-тен 54 жасқа дейінгі адамдар (225,9 мың адам), сондай-ақ 29-34 жастағы адамдар (169 мың адам) келеді. 55-64 жас аралығындағы жұмысшылар 165,3 мың адамды, ал 65 жастан асқан жұмысшылар 40 мың адамды құрайды.

Аграрлық сала қызметкерлері еліміз бойынша ең төмен жалақы алатындар қатарында. Соның салдарынан өнеркәсіп кадрларының табысы көбірек қызметке ауы­суы белең алған. Кейінгі жыл­дар­да­ғы статистикаға қара­сақ, АӨК-те жұмыспен қам­тыл­ғандар саны тоқ­таусыз аза­йып бара жатқа­нын аңғарамыз. Мәселен, 2018 жыл­дың бірінші тоқсанында агрокешенде 1,2 млн адам (биылғы­мен салыстырғанда 16,4%-ға көп), 2015 жылы ‒ 1,4 млн адам (38,4%-ға көп), 2013 жылы ‒ 2,1 млн адам (2 есе көп), 2010 жылы 2,2 млн адам (2,2 есе көп) еңбек етті. Биыл бірінші тоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығында 1 млн-нан аса адам жұмыспен қамтылды. Бірақ бұл бір жыл бұрынғы көр­сет­кіштен 7,4%-ға аз. АӨК-тегі жалдамалы жұмыскерлер саны­ның қысқаруы жалғасып жатыр және бар­лық уақыттағы ең төменгі көр­сет­кіштерге жетті. Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанын­да жұмыс­к­ерлердің тізімдік саны 65,8 мың адамды құрады, бұл 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыс­тырғанда 1,9%-ға аз. Сөйтіп, жыл­дар бойы қалыптасқан кадр тап­шылығы өзінің шекті мәніне жет­кендей. Енді қазірде ауыл ша­руа­шылығына 3 мың жұмысшы қажет. Егістікке тракторшы, механизатор, агроном және басқа да мамандар жетіспейді. Осылай ­жал­ға­са берсе, шаруаларды шы­рақ­пен іздей­тін жағдайға түсуіміз мүмкін.

АӨК-те жұмыспен қамтыл­ған­дар­дың көпшілігінің, яғни 549,5 мың адамның (бір жыл бұрынғыдан 4,6%-ға аз) техникалық және кәсіптік білімі бар. Тағы 255,5 мың адам бастауыш, негізгі және жал­пы орта білімге (2,9%-ға азайған), сондай-ақ 231,4 мың адам жоғары және жоғары оқу орны­нан кейінгі білімге ие (бірден 17,4%-ға аз). Жас тұрғысынан алған­да агро­өнер­кәсіптік кешенде жұмыс­пен қам­тылған жастардың аз екені анық байқалады. Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер одағының төр­ағасы Қайрат Бисетаевтың айтуынша, ветеринарлық дәрігерлер, мал шаруашылығының қыр-сырын білетін және мал шаруа­шы­лығы кәсіпорнында жұмысты ұйым­дастыра алатын менеджерлер жетіспейді. Ауылшаруашылық білімі бар және заманауи ауыл­шаруа­шылық техникасын жөндей алатын инженер-механиктер жоқ­тың­ қасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button