Ғұсманға Қырғызбаевқа бұйырғаны күміс болды

Ғұсманға Қырғызбаевқа бұйырғаны күміс болды
Дзюдо

Қазақ балуаны Ғұсман Қырғызбаев Астанада өтіп жатқан Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

 Отандасысыз 66 келіге дейінгі салмақта финалда испаниялық Давид Гарсиа Торнемен шеберлік байқасты. Испаниялық дзюдошы да осыған дейін әлемдік Гран-при додаларында жүлде алып жүрген спортшы еді. Жекпе-жек соңына таман Давид Гарсиа Торне вазари әдісімен жеңісті жұлып алды. 

Ғұсман спорттық жолында бұған дейін 2019 жылы Әбу-Дабиде өткен Grand Slam жарысында жеңімпаз атанған еді. Осылайша, Астанада жарыстың алғашқы күні Қазақстан алтын және күміс медальға ие болды.