WADA басшысы Камила Валиеваның ісіне қатысты пікір білдірді

WADA басшысы Камила Валиеваның ісіне қатысты пікір білдірді
Қысқы спорт

Getty Images

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваның ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Допинг ісіне қатысты тыңдау күні белгіленді. Осы жағдайға қатысты қандай ойда екеніміз бәріне белгілі, сондықтан тыңдау күнін күтеміз", - деп жазады Витольд Баньканың сөзін Inside the Games.

Айта кетейік, Камила Валиева 2021 жылғы Ресей чемпионатында тапсырған допинг сынамасы оң нәтиже берген. Ал оның нәтижесі 2022 жылғы Олимпиада ойындары командалық сайысынан кейін белгілі болды. 2022 жылғы Еуропа чемпионының допинг дауына қатысты тыңдалым 26-29 қыркүйек күндері жабық режимде Швейцарияның Лозанна қаласында өтеді.