Алмабаев қомақты бонусқа ие болды

Алмабаев қомақты бонусқа ие болды
Жекпе-жек

©twitter.com

UFC-де дебютті кездесуін өткізген Асу Алмабаев алғашқы жеңісінен соң өзіне тиесілі бонустарын алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Асу америкалық Оде Осборнды қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Алмабаевтың айқасы екі раундқа жалғасқан болатын.

UFC-дің Twitter-дегі ресми парақшасында айқастарын мерзімінен бұрын аяқтаған спортшылардың барлығына негізгі сыйақыға қоса 50 мың доллар көлемінде бонус берілетіні хабарланды. Олардың арасында Алмабаев та бар.

Қазақстандықтан бөлек бұл қаражатты Татьяна Суарес, Дастин Джейкоби, Диего Лопес пен Карлстон Харрис те алады.