Айболат Ыстыбай - Загребтегі Гран-при жүлдегері

Айболат Ыстыбай - Загребтегі Гран-при жүлдегері
Дзюдо

Хорватия астанасы Загреб қаласында басталған дзюдодан әлемдік Гран-при додасында қазақ балуаны Айболат Ыстыбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

 Ол 66 келіге дейін салмақта бақ сынаған болатын. Алдымен украиналық балуанды үйіне қайтарса, одан кейін латвиялық спортшының жауырынын жер иіскетті. Одан кейін аса тартысты өткен белдесуде Израильден келген балуанды голден скорда жеңді.

Ширек финалда Давид Гарсияға (Испания) есе жіберіп алды. 

 Дегенмен, жұбаныш белдесуде Харамат Хусейновтың (Әзербайжан) осал тұсын тапса, қола жүлде үшін белдесуде Кипрден келген спортшыдан айласын асырды.

 Бұл Айболаттың ересектер арасында әлемдік аренада алған алғашқы жүлдесі. 

 Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы.