Дзюдо: Бақытжан Әбдурахманов Хорватияда қола медаль алды

Дзюдо: Бақытжан Әбдурахманов Хорватияда қола медаль алды
Дзюдо

Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде Бақытжан Әбдурахманов қола медаль еншіледі, деп хабарлайды BasSport.kz.

  Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Алдымен мажар балуанын жеңді. Келесі кездесуінде француз спортшысы Орланда Казорланың осал тұсын тапты. Өкінішке қарай, ширек финалда испаниялық Кано Гарцияға есе жіберді.

Дегенмен, жұбаныш белдесуде түрік жігітін, ал қола медаль үшін бәсекеде тәжірибелі косоволық мықтысы Акил Гьякованы вазари ұпайымен ұтты. Нәтижесінде ел құрамасы қоржынына қола жүлде түсті.

Бұған дейін Айболат Ыстыбай да қола медаль еншілеген.