"Ордабасы" - футзалдан ел Кубогының алғашқы жартылай финалисі

Футзал

"Ордабасы" мини футбол клубы футзалдан Қазақстан Кубогының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жартылай финалдық жолдамада "Ордабасы" жігіттері "Рахмет" командасын пенальти сериясында 5:3 есебімен жеңді.

Айта кетейік, негізгі ойын 5:5 есебімен аяқталды.

Матч барысында "Ордабасы" сапынан Тимотео (2), Бекбосынов, Даниэль мен Исмаилов гол соқса, "Рахмет" үшін Көшербаев, Жұлддыбаев, Нағашыбай (2) және Досов көзге түсті.