Әлімханұлы: Әлем чемпионын 1-раундта нокаутқа түсіремін

Әлімханұлы: Әлем чемпионын 1-раундта нокаутқа түсіремін
Бокс

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) WBA титулының иегері кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) ықтимал жекпе-жекке қатысты батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz.

"Бұл жекпе-жекте кім және қалай жеңеді?",- деп сұрайды бокс жанкүйерлері.

"Қате сұрақ. Жәнібек Лараны 1-раундтың қай секундында нокаутқа түсіреді деп сұрау керек!", - деп жауап берді Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, қазан айында Әлімханұлы дивизионның тағы бір чемпионы - IBF белбеуін иеленген неміс Винченцо Гуальтиеримен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жек өткізеді.