Футзалдан Қазақстан құрамасына Лео оралды

Футзалдан Қазақстан құрамасына Лео оралды
Футзал

Футзал ойыншысы Лео араға бірнеше ай салып, ұлттық құрамаға қайта оралды. Ол енді Әзербайжанмен кездесуге қатысады. Ойыншы матч алдында пікір білдірді, деп хабарлайды  Bassport.kz.

Ұлттық құрамаға оралғаныма қуаныштымын. Еуро-2022 жарысында алған жарақатымнан кейін ұзақ ойнамадым. Қазір денсаулығым жақсы, Бразилия чемпионатында доп теуіп жүрмін. Қазақстан ұлттық құрамасының атмосферасы әрқашан көңілді жадыратады. Күн сайын дайындығымызды жақсартып, Әзербайжан өтетін матчта тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Біздің қарсыласымыз өте тәжірибелі команда. «Қайратта» ойнаған Вилела негізгі құрамында. Оған қарсы сақ ойнау керек. Қарсыластың ойын жүйесі туралы барлық ақпаратты алдық, толықтай зерттеу жүргіздік деп ойлаймын. Біздің жанкүйерлер әрқашан қолдау көрсетеді. Сол себепті ұлттық құрама үшін, жанкүйерлер үшін нәтиже көрсетуге дайынбыз, - дейді Лео.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қазақстан футзал құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бакуде Әзербайжанмен ойнаса, 11 қазанда Астанада дәл осы команданы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қабылдайды.