"Ол ұйықтайды". Жәнібек Әлімханұлы келер жекпе жегіне болжам жасады

Бокс

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы германиялық қарсыласы, IBF белбеуінің иесі Винченцо Гуальтиериді 14 қазанда тез жеңетініне сенімді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Осындай батыл болжамды Жәнібек ютубер Эли Секбахқа берген сұхбатында жасады.

- Сіз қарсыласыңыздың жекпе-жегін көрдіңіз бе?

- Жоқ, оларды менің жаттықтырушым қарады.

- Нокаут қай раундта болады? Төртінші? Бесінші?

- Бірінші раундта. Ол ұйықтайды, - деп қысқа қайырды Жәнібек.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл белбеулерді біріктіретін алғашқы жекпе-жек болмақ.

Қазақстандық боксшы мамырдағы жекпе-жегінде канадалық үміткер Стивен Батлерді екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.