Рикардо Кака: Астанада аншлаг болады деп күтеміз

Футзал
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Әзербайжан құрамасымен Астанада өтетін қарымта кездесу жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Команда бір-бірін жақсы біледі. Сондықтан таң қалдыру қиын. Бізді қызықты ойын күтіп тұр. Бұл ойынға барынша дайындалдық, әлсіз тұстарымызды түзеуге тырыстық. Астанада доп теппегенімізге де біраз болыпты. Футзалға осындай қызығушылық туындап жатқаны қуантады. Аншлаг болады деп күтеміз. Өзімізді біртұтас команда ретінде көрсеткіміз келеді. Соңына дейін ойнаймыз, - деді Кака.
Ол футзалшылардың кейбірінде аздаған микрожарақат бар екенін айтып қалды. Бірақ ол кездесуде кедергі келтірмеуі тиіс деп санайды.
Қазіргі кезде Қазақстан іріктеу тобында көш бастап келеді. Одан кейінРумыния (6), Әзербайжан (3) және Нидерланды (0) бар.