Бүгін «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасымен кездеседі

Бүгін «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасымен кездеседі
Хоккей

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада «Динамо» (Мәскеу) қарсы өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесу бүгін, 11 қазан күні, сағат 19:30-да басталады.

Екі команда бұған дейін 32 мәрте кездесті. Оның 12-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 15 ойыннан кейін 13 ұпаймен 20-орында тұр, ал «Динамо» 16 ойыннан кейін 22 ұпаймен 6-орында келеді.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз бастады. Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

«Барыс» бұдан кейін тағы екі кездесуін өз алаңында өткізеді.

Алдымен, 13 қазанда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасымен кездессе, 15 қазанда «Металлург» (Магнитогорск) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, «Барыс» бапкерін ауыстырғаннан кейін «Трактор» (Челябі) командасынан басым түсті.