«Хапоэль» клубының екі ойыншысы үйінде өлтірілген

«Хапоэль» клубының екі ойыншысы үйінде өлтірілген
Баскетбол

Sport-express.ru

Тель-Авивтегі «Хапоэль» баскетбол клубы жастар академиясының екі ойыншысының қайтыс болғаны туралы хабарлады BasSport.kz.

Біз сенбі күні таңертең ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылынан академиямыздың екі ойыншысы Ифтах пен Йонатан Коцтың әкесімен, анасымен және әпкесімен бірге үйінде қаза тапқанын қайғыры хабарлаймыз, – деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.

Отбасы 750-ге жуық адам тұратын Газа секторының жанындағы Израиль аумағындағы Кфар-Азедегі үйінде өлтірілген.

Reuters мәліметінше, бұл аймақта қаза тапқандардың ресми саны жоқ, өйткені израильдік сарбаздар мина қойылған болуы мүмкін үйлерді тінтіп жатыр.