Футзалдан Қазақстан құрамасының бразилиялық ойыншыларының құжаты тексеріледі

Нидерланд корольдік футбол одағы Финляндия және Португалияға қосылып, құрамалардың бразилиялық ойыншыларын тексертпекші, деп хабарлайды BasSport.kz.
Relevo.com порталының жазуынша, олар Румыния, Әзербайжан, Қазақстанда натурализация жасалған бразилиялық ойыншылардың құжаттарын тексертуге әрекет етіп жатыр. 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы элиталық раундтың үшінші турынан Финляндия мен Португалия бірігіп, Армения және Грузия ойыншыларын тексерткен.
Өйткені олардың құрамасында тез арада азаматтық алып ойнап кеткендер бар. УЕФА аталған құрамалардың шағымын қанағаттандырып, техникалық жеңіліс берді. Енді Румыниядан жеңілген соң, Нидерландыда қозғалып жатыр.
Олар Румыния сапындағы бразилиялық ойыншыларды тексертекші. Сосын Әзербайжан мен Қазақстанның да құжаттарын бір қарап жібергенді тәуір көріп отыр.
Айта кетейік, аталған төрт құрама бір топта. Қазір кезде Қазақстан 12 ұпаймен көш бастап келеді.