«Астана» алғашқы матчта жеңіліп қалды

«Астана» алғашқы матчта жеңіліп қалды
Баскетбол

Елорданың «Астана» клубы ВТБ Біріккен лигасының маусымында бірінші матчын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Астаналықтар өз алаңында Санкт-Петербургтің «Зенит» клубын қабылдады. 

Бірінші бөлікте алаң басымдық қонақтан жағында болды — 23:16, үзілістен соң «Астана» есепті өз пайдасына шешті - 18:15, дегенмен үшінші кезеңде «Зенит» тағы алға шықты — 19:7. 

Қорытынды кезеңде «Астана» (28:11) басымдық танытқанымен, бұл жеңіс үшін аздық етті — 78:69. Осылайша қонақтар жеңіске жетті.

«Астана» сапында ең нәтижелі ойын көрсеткендер: Ройс Хэмм — 20 ұпай, Адам Канкел — 18, Маркелл Джонсон — 10, Карвел Андерсон — 9, Дэвин Дэвис — 4. 

Келесі кездесуінде елордалықтар 19 қазан күні сырт алаңда «Нижний Новгородпен» кездеседі.



ВТБ Біріккен лигасы. 1-тур


«Астана» — «Зенит» - 69:78 (16:23, 18:15, 7:19, 28:21).