Месси дубль жасап, Аргентинаға жеңіс әкелді

Месси дубль жасап, Аргентинаға жеңіс әкелді
Футбол

Лимада 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы аяқталды, онда Аргентина сырт алаңда Перу құрамасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Екі голды да аргентиналық шабуылшы Лионель Месси соқты.

Аргентина 4 матчтан кейін 12 ұпаймен турнир кестесінде 1-орында тұр. Перу 9-орында (1 ұпай).

Ал Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уругвайға қарсы ойынның 1-таймында жарақат алды.

31 жастағы бразилиялықты 2-минутта Ришарлисон ауыстырды.

«Аль Ахли» ойыншысы ауыр жарақат алып, алаңнан зембілмен кетті. Неймар көз жасын тыя алмады.

Айта кетейік, бұл ойында Бразилия 0:2 есебімен жеңіліп қалды.