Қазақстандық таеквондошы - Азия пара ойындарының күміс жүлдегері

Қазақстандық таеквондошы - Азия пара ойындарының күміс жүлдегері
Азиада 2023
Жекпе-жек

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында 57 кг салмақтағы таеквондошылар арасында финалдық бәсеке өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Алтын сарапқа салынған кездесуде қазақстандық Камиля Досмалова ирандық Роза Эбрахимимен кездесіп, ирандық жеңіске жетті – 34-15. Досмаловаға күміс медаль бұйырды.

Камиля Досмалова – 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.