«Атырау» клубы еуропалық футболшыға қызығушылық танытып отыр

Футбол
«Атырау» клубы 31 жастағы Беларусьтің орталық шабуылшысы Николай Сигневичке қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы «Ухо» телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Футболшы бұған дейін венгриялық «Ференцварош», ресейлік «Химки», Кипрдің «Аполлон Смирнис», Беларусьтің «Динамо» және БАТЭ клубтарында ойнаған.
Transfermarkt ойыншыны 800 мың еуро деп бағалап отыр.
Ол карьерасында 327 матч өткізіп, 76 гол соқты және 34 нәтижелі пас берді.