Атақты өзбек боксшысын жекпе-жектің алдында пышақтап кетті

Атақты өзбек боксшысын жекпе-жектің алдында пышақтап кетті
Бокс

twitter.com/JalolAkhmedov

Супержеңіл салмқатағы өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашевтың (23-1, 20 КО) титулды жекпе-жекке бірнеше ай қалғанда Мәскеуде аяғына пышақ сұққан, деп хабарлайды BasSport.kz.

Осы жылдың қараша айында Эргашев Лас-Вегаста IBF чемпионы пуэрторикалық Субриэль Матиаспен жұдырықтасып, бесінші раундтан кейін техникалық нокаутпен жеңілді.  Бұл оның спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі. Промоутерінің айтуынша, бұл жеңіліске сол пышақ жарақаты тікелей себеп болған.

Шохжахон нағыз ер болғандықтан жекпе-жектен бас тартпады. Алайда жекпе-жек кезінде жарақат алған аяғы ісіп кетті. Осыдан кейін Шохжахон қозғала алмай қалды, деді промоутер Дмитрий Салита.