Ислам Махачев октагонға қашан оралатынын айтты

Ислам Махачев октагонға қашан оралатынын айтты
Жекпе-жек

FightTime

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев келесі кездесуін өткізуге дайын болатын уақытты атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

UFC-дің жеңіл салмақтағы октагонға наурызда оралғысы келеді. Наурызда біреуді тас-талқан етіп ұтуға дайынмын немесе Рамазаннан кейін кездесіміз, - деп жазды Махачев X-тегі парақшасында (бұрынғы Twitter).

2024 жылы Рамазан 11 наурызда басталып, 9 сәуірге дейін жалғасады. Оған дейін UFC-дің екі іс-шарасы өтеді: 2 наурызда UFC Fight Night 238 (Эр-Рияд) турнирі және 9 наурызда UFC 299 турнирі (Майами).

Бұған дейін 21 қазанда UFC 294 турнирі аясында Махачев австралиялық Александр Волкановскиді жеңді.