Марат Быстров Қазақстан құрамасы туралы мәлімдеме жасады

Марат Быстров Қазақстан құрамасы туралы мәлімдеме жасады
Футбол

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында 2023 жылғы көрсеткіш туралы айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстанның спортындағы биылғы жетістік – футболдан ұлттық құраманың көрсеткіші. Еуро-2024 чемпионатына тікелей жолдама алуға соңғы сәтке дейін таластық. Біз Қазақстан халқын біріктіре алдық. Көп адам ұлттық құрамаға жанкүйер болды. Олардың арасында бұрын футболға қызықпағандар да бар. Бұл ең басты жеңіс деп ойлаймын, - дейді Марат Быстров.

Ол жалпы ұлттық құрамада 25 матч өткізген. Ал Қазақстан Еуро-2024 іріктеу кезеңінде өз тобында 18 ұпай жинады.