Бұрынғы әлем чемпионы допингпен ұсталды

Бұрынғы әлем чемпионы допингпен ұсталды
Бокс

Allboxing

Бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Кшиштоф Гловацки допинг қолданғаны үшін төрт жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Allboxing.ru-ға сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

37 жастағы поляк боксшысы былтырғы 21 қаңтарда Манчестерде Ричард Риакпорға қарсы жекпе-жегінен кейін допинг сынама тапсырып, оның стероидты болденон препаратын қолданғаны расталды. Бұл жекпе-жекті өткізу үшін Гловацки Ұлыбританияда бокс лицензиясын алған, сондықтан оның ісін Ұлыбританияның допингке қарсы агенттігі (UKAD) қарады.

2019 жылдан бастап Гловацки кәсіпқой рингте тек төрт айқас өткізіп, соның үшеуінде мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырады. Осы жылдың маусым айында Гловацки Польшада аралас жекпе-жегін сәтті өткізген болатын.