Қазақ балуандары Хорватиядағы турнирге қатысады

Қазақ балуандары Хорватиядағы турнирге қатысады
Күрес

Хорватия астанасы Загреб қаласында 10-14 қаңтар күндері өтетін күрес түрлерінен халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Аталмыш турнир грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен өтеді. Спорттық бәсеке қазақстандық балуандар үшін күрес түрлерінен 2024 жылдағы алғашқы турнир болмақ. Турнир барысында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі) ел намысын қорғайды

Ал әйелдер күресінен Ирина Казюлина (65 келі), Елена Шалыгина (68 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) боз кілемге шығады.