Роналдудың бұрынғы командалас әріптесі оның МЮ-ден кетуіне қатысты пікір білдірді

Роналдудың бұрынғы командалас әріптесі оның МЮ-ден кетуіне қатысты пікір білдірді
Футбол

Sportbox

"Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы қорғаушысы Эрик Байи португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың 2021 жылы клубқа оралғанын есіне алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Аңыз оралып еді. Ол мен үшін әлемнің үздік футболшысы болды. Ол оралған соң да клубқа біраз еңбек сіңірді. Криштиану секілді ойыншылар өздерінің клубтағы маңыздылығын сезінуге лайық. Осындай жағдайда кеткені өте өкінішті, - деді Байи The Athletic-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Роналду 2003-2009 жылдар аралығында өнер көрсеткен МЮ сапына 2021 жылы оралған еді. Ол ағылшын клубымен АПЛ-да үш дүркін чемпион атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды.

Алайда 2022 жылы ол МЮ-дің бас бапкерімен келісе алмай, клубтан кетті. Сонан соң Сауд Арабиясының «Әл-Наср» сапына қосылды.