Ғалымдар қай қан тобына жататын аналардың балалары спортқа бейім келетінін анықтады

Ғалымдар қай қан тобына жататын аналардың балалары спортқа бейім келетінін анықтады

Come On Gym

Ғалымдар қандай қан тобына ие әйелдер данышпан баланы дүниеге әкелетінін анықтады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Стэнфорд университеті генетиктерінің зерттеуінше, бірінші қан тобына ие әйелдердің вундеркинд дүниеге алып келуі жоғары екен.

Ғалымдар бірінші қан тобына жататын ана мен зияткерлігі жоғары балалар арасында байланыс жиірек болғанын анықтаған.

Мамандар мұны бірінші топқа жататын әйелдер арасында бала туу көрсеткіші аса жоғары еместігімен түсіндірді. Сонымен қатар генетик мамандар мұндай аналардан туған балалардың иммунитеті әлсіз келетінін анықтаған, - делінген Thuvienpc басылымында жарияланған мақалада.

Төртінші топқа жататын аналардың балалары спортқа бейім келсе, екінші топтағылар сыни тұрғыда ойлау қабілетіне ие. Ал үшінші топтағы анадан туған бала шығармашылыққа жақын әрі сезімтал келеді.