Аргентиналық ойыншы өз туған күні қарсаңында белгісіз инфекциядан көз жұмды

Аргентиналық ойыншы өз туған күні қарсаңында белгісіз инфекциядан көз жұмды
Футбол

Аргентиналық "Велес Сарсфилд" клубының ойыншысы Яир Родригес инфекциядан көз жұмды, деп жазады Bassport.kz. 

Ойыншының ауруханада қайтыс болғанын клубтың баспасөз қызметі растады. Футболшы денге безгегінен көз жұмуы мүмкін екені айтылуда. 

Клуб басшылығы жас ойыншының қазасы үлкен соққы болғанын айтуда. 

Яир шабуылшы позициясында ойнаған. Бүгін ол 15 жасқа толуы керек-тін.