Алматыдағы елордалық дербиде Бабаян командасы ұтты

Алматыдағы елордалық дербиде Бабаян командасы ұтты
Футбол

QFL премьер-лигасының жаңа маусымы басталды. Алматыда астаналық дерби болды. Жоғары лигаға қосылған «Жеңіс» пен еліміздің 7 дүркін чемпионы «Астана» кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Алматы қаласында өткен ойында Григорий Бабаянның футболшылары «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңді.

«Астана» сапынан Усман Камара 24-ші минутта жаңа маусымның алғашқы голын соқты. Ал 62-минутта Эльхан Астанов есепті еселеді.

«Астана» (Астана) – «Жеңіс» (Астана) – 2:0

Голдар: Усман Камара, 19 1:0). Эльхан Астанов, 62 (2:0).

«Астана»: Йосип Чондрич (Қ), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Алекса Аманович, Джианнис Масоурас, Барнс Осей (Абзал Бейсебеков, 68), Макс Эбонг, Усман Камара, Фабьян Урега (Нұралы Жақсылық, 84), Марин Томасов (К) (Рамазан Кәрімов, 75), Эльхан Астанов;

«Жеңіс»: Никита Калмыков (Қ), Матия Ром, Кристиан Новак, Марин Беланчич, Зураб Тевзадзе, Василиос Карагунис, Сергей Волков, Ираклий Бидзинашвили, Ғалымжан Кенжебек, Ильяса Зульфиу, Арб Манай;

Бас төреші: Денис Измайлов (Талдықорған),