«Ақтөбе» Қызылордада үш гол соқты

«Ақтөбе» Қызылордада үш гол соқты
Футбол

Қызылорда қаласында өткен матчта «Ақтөбе» алаң иелерінің қақпасына 3 гол соқты, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Қайсар» өткен маусымның қола жүлдегері «Ақтөбеге» 1:3 есебімен жол берді. Қарсылас сапынан Идрис Умаев чемпионаттағы алғашқы дубль авторы атанып, бір нәтижелі пас шығарды.

«Қайсар» сапынан Тоқтар Жаңғылышбай ойынның нүктесін қойды.

Айта кетйік, QFL премьер-лигасының жаңа маусымы 13 команданың қатысуымен өтетіні белгілі болды.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 1:3

Голдар: Идрис Умаев, 24 (0:1). Максим Самородов, 55 (0:2). Идрис Умаев, 64 (0:3). Тоқтар Жаңғылышбай (1:3).

«Қайсар»: Степан Сикач (Қ), Руслан Юденков, Виталий Приндета, Әділет Кеңесбек – Василий Совпель, Қуаныш Қалмұратов, Дмитрий Бородин, Руслан Сахалбаев (К) (Думан Нәрзілдаев 68), Ерсұлтан Төреқұл (Шохназар Норбеков, 80), Бақдәулет Зульфықаров (Айбар Жақсылыков, 68), Өркен Махан (Тоқтар Жаңғылышбай, 80);

«Ақтөбе»: Игорь Шацкий (Қ), Әділхан Таңжарықов, Богдан Вэтэжелу, Габи Кики, Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров, Леонель Струмия (К), Уче Агбо (Хосе Севальос, 77), Рамазан Оразов (Мирас Оманиязов, 89),Максим Самородов (Жан Жайро, 78), Идрис Умаев (Дмитрий Бессмертный, 89);

Бас төреші: Артем Кучин (Қарағанды).